Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 

Мүшел жас

Мүшел жас — қазақ халқының көне дәстүрлерінен бастау алатын жас өлшемі. Ол адам өміріндегі әр 12 жыл сайын қайталанып отыратын маңызды кезең болып саналады. Халықтық танымында мүшел жас адам өміріндегі бір белес, өткенді саралап, болашаққа жауапкершілікпен қарауға шақыратын уақыт ретінде қабылданған.


Алғашқы мүшел жас 13 жастан басталады. Одан кейінгі мүшел жастар 25, 37, 49, 61, 73 жаста келіп отырады. Бұл кезеңдерде адамның мінезі, ой-санасы, өмірлік бағыты өзгеруі мүмкін деп сенілген. Сондықтан мүшел жасқа келген адамға ерекше көңіл бөлініп, сақ жүріп, сабыр сақтау қажет деп есептелген.

Дәстүр бойынша мүшел жаста садақа беру, үлкендерден бата алу, жақсылық жасау кеңінен тараған. Мұның бәрі адамның аман-саулығын тілеп, келесі жас кезеңін сәтті қарсы алу ниетінен туған. Қазақ халқында «Мүшел жастан аман өт» деген тілек осы сеніммен байланысты айтылған. Осы ретте әкесін құттықтауға келген қалалық студент Әлішер әжесінің туған күнді қалай атап өткенімен бөлісті.

        – Әжем мүшел жасты әрдайым ерекше атап өтетін. «Бұл жас — өмірдің бір белесі» дейтін ол. Мүшелге келген адам өткеніне көз жүгіртіп, алдағысына оймен қарауы керек екен. Бүгін  әкемнің  туған күнін ерекше атап өттік.  Садақа беріп, үлкендерден бата алды. Әжемнің айтқан салмақты сөзіне, жасалған ырымына қарасам,    мүшел жастың қорқыныш емес, адамды сабырға, жауапкершілікке шақыратын кезең екенін түсіндім,– дейді жас студент.

Жаңа мүшелге аяқ басқан адамның өмірінде өзгерістер болады деген түсінік бар. Сауапты істерді көбірек  жасау және аманат қалдыру маңызды. Өзіне жақын адамдарға сыйлық беру арқылы рухани жағынан  тазару. Бұл дәстүр адамның өткен өмір кезеңімен қоштасып, жаңа кезеңге дайындалуын білдіреді.

– Мүшел жасында әр адам сақтанып жүреді. 13 жасқа толу – бұл жәй ғана туған күн емес, бұл ресми түрде «Жасөспірім» деген атқа ие болу. Қазақта «13 жас отау иесі» дейді. Яғни, ол ақ пен қараны, оң мен солды танитын шаққа жеткендігін білдіреді,– дейді Әби Марат Әділұлы Қалжан Ахун мешітінің имамы.

        Ғылым мен дәстүрді қарасақ, мүшел жас – адамның өмірлік кезеңдеріндегі заңды өзгерістердің көрінісі. Сондықтан бұл ұғымды қорқынышпен емес, өмірдің жаңа белесіне өту мүмкіндігі ретінде қабылдаған жөн.
Ақтоты ӨТЕПБЕРГЕНОВА
Фото: ашық дереккөз

 
 
03 ақпан 2026 ж. 184 0