Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Ел бірлігінің негізгі тетігі

Ел бірлігінің негізгі тетігі

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жаңа Ата Заңның жобасы әзірленді. Бұл мақсатта 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Комиссия жұмыс барысында жеке азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды қарап, талқылаудан өткізді. Нәтижесінде Ата Заңның жаңа жобасы әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Ата Заңның баптарына өзгертулер еніп, 85 пайызға жуық мәтіні жаңартылмақ. Бұл маңызды жаңа Конституциялық жобаға жұртшылық аса жауап­кершілікпен қарап, оны қабылдауда бел­сенділік танытуы тиіс. Конституциялық реформа әрбір қазақстандықтың құқығын қорғап, бір­қа­тар бап пен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға негізделгені айқын. Сонымен қатар саяси-қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге арналған.

Ел тарихындағы маңызды әрі тағдырлы қадам болатын жаңа Конституция ел іргесін берік етіп, бірлігін, татулығын сақтаудың басты кепілі болатынына сенімдіміз.

Сайлау МАҚПАЛБАЙ,
Сәкен Сейфуллин ауылдық
ардагерлер кеңесінің төрағасы
03 ақпан 2026 ж. 50 0