Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » БҰҰ миссиясының басшысы қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады

БҰҰ миссиясының басшысы қазақстандық бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды. Сапарды ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарды.

Сапар барысында миссия қолбасшылығымен кездесу өтіп, оның шеңберінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аймақты бақылау мандатын іске асыру мәселелері, өңірдегі ахуал мен қазақстандық контингенттің қызметі талқыланды.

Миссия басшысы және БҰҰ бөлінген аймақты бақылау жөніндегі күштерінің қолбасшысы генерал-майор Анита Асма қазақстандық бітімгерлердің қойылған міндеттерді сапалы орындағаны үшін алғысын білдіріп, олардың іс-қимылын, кәсібилігін, тәртібі мен үйлесімді әрекетін жоғары бағалады.

Қазақстандық ұлттық контингент жедел әрекет ету бөлімшесінің функцияларын орындап, мобильді патрульдеуді жүзеге асырады, жедел әрекет ету топтарының дайындығын, медициналық эвакуациялауды және инженер-саперлердің ілесіп жүруін қамтамасыз етеді. Одан басқа бақылау бекеттерінде де міндеттер орындайды.

Миссияға қатыса бастағаннан бері ұлттық контингент 675, оның ішінде 500-ден аса патрульдеуді, жаттығу іс-шараларын өткізуді, жарылыс қаупі бар заттарды залалсыздандыру операцияларын, лектерді алып жүруді және уақытша бақылау бекеттерін қоюды орындады.

Қазіргі уақытта Голан жоталарында 139 қазақстандық бітімгер қызмет етіп жүр.
03 ақпан 2026 ж. 56 0