Мұхтар Сақтаповтың өлеңдері. Өлең – тылсым, қалам – құдірет
Қашанда сырбаз қалпынан таймайтын Мұхтар Сақтапов – журналистика мен поэзияны қатар ұстаған арда азамат. Өмір жолында аудандық газеттің жұмысына серпін беріп, қаламын серік еткен ардақты ақынның өмір жолы – өнеге. Қай кезде де қаламынан шыққан әрбір сөздің құдіретін сезіне білген ауданның бас ақыны – үнемі оқырманына құнды дүниелерін жеткізе білді. Тоқсанның төріне шыққан Мұхтар Жаналханұлының өлеңдері мен бастан өткерген қызықты оқиғалар желісін оқырманға ұсынып отырмыз.Ақпаннан асау ықпаған.
Бар ма екен, достар, ортаңда,
Шопаннан асқан мықты адам.
Дүлей жел, жауын, бораның,
Қар, мұзың тіпті түк емес.
Кетпеген оның тілегі еш.
Шопанның білсең бар жайын,
Даладан ізде әрдайым.
Жылы жүз, жарқын жаны оның,
Мөп-мөлдір аппақ қардайын.
Күндіз-түн демей қашанда.
Аямай жігер-ынтаны,
Бір төл де бермеу шығынға.
Үлгі ісін мұндай ерлердің,
Жыр етіп мендей мақтанбас.
Жемісті болып еңбегің,
Самғай бер шыңға, шопан дос!
Құлағымда қайран үміт ерте өліп.
Көл-өзендер байлығынан айрылып,
Тоғай жатыр күндіз-түні өртеніп.
Алда бізді күтіп жатыр бақ қандай.
Ормандағы құс біткендер шуласып,
Адамдарға мұңын шағып жатқандай.
Қалай бәрі жата алмаған үйлесіп.
Кеше ғана жасыл баулар бой түзеп,
Жағалар да жатушы еді-ау жиде өсіп.
Кеткендей ме жанымызға сый батып.
Тіршіліктің тамырына балта ұрып,
Бәрін-бәрін жатырмыз тек қиратып.
Әсер етпей жатыр бізге бірақ бұл.
Тіршілікте тоқтау алдын күткен бе?
Нанбасаңыз табиғатқа құлақ түр.
Әлде сен де естен ауып қалдың ба?
Бүйте берсек, құрта берсек қалдырмай,
Не айтамыз келер ұрпақ алдында?
(Нағи Ілиясовқа арналады)
Ұлағатты із қалдырған артында.
Көз алдыма елестетсем бейнесін,
Сол баяғы қалпында.
Айнымаған адалдықтың жолынан.
Қай қызмет, қай белесте жүрсе де,
Сөз ермеген соңынан.
Қорған болған қорғансызға көптеген.
Батырмын деп көкірегін көтеріп,
Елге міндет етпеген.
Тәңірінен тек адалдық сұраған.
Таспен ұрған дұшпандарын құрметтеп,
Аспен ұрған бұл адам.
Кісілігін жұрт қадірлеп үлгі еткен.
Венгерлерде хас батырды қарсы алып,
Төр ұсынған құрметпен.
Ағаны аңсап жыр толғайды жұрт әлі.
Әке алдында ақтап жатыр парызын,
Ұл-қыздары, ұрпағы.
Ағамыздың атақ даңқы жаңғырып.
Ерін сүйген ел-халқы аман тұрғанда,
Батыр рухы – мәңгілік.
Мен отырмын шетте осыны аңғарып,
Бір жолаушы терезеге қадалды
Көркем, ғажап көріністерге таң қалып.
– Тереңград, – дедім мен де паңданып.
–Тереңград? Естімегем бұрын мен
Таңқалғандық байқалды оның түрінен.
Сүйсінерлік сезілді оның үнінен.
Туған жердің тарихынан баяндап,
Жеткізгендей болдым ақын тілімен.
Тұла бойы тұнған байлық терең жер.
Бұл ауданнан шыққан ақын, ғалым бар,
Шыққан небір ғұлама мен кемеңгер.
Басыңды иіп, қайта-қайта сәлем бер.
Бұл ауылдың топырағы да киелі,
Басып қалсаң төбең көкке тиеді.
Жомарт жұрты баптап дәйім сүйеді.
Жағасында сұлу Сырдың жайқалып,
Сыр талдары Сырға басын иеді.
Кеудесіне нұр қонақтап қаншалық.
Бұл ауылдың адамы емес, даласы
Жатады ылғи күй тербетіп, ән салып.
Кәрі-жасы шығады алдан қарсы алып,
– Жаңалық көп бұл ауылда қызығар,
Жайсаңдардың жатқан терең ізі бар.
Келіндері сәлем беріп сызылар.
Түсінгендей барлық сырдың мәнісін,
Сүйсінгендей болды оның жаны шын.
– Енді міне, ұқтым, – деді танысым.
Қуанғаннан көз алдымнан біртіндеп,
Өтіп жатты қол жеткен бар табысым.
Қиял тербеп кете берді ойымды.
Туған жер-ай әттең осы жолаушы,
Көрсе шіркін тоқсан жылдық тойыңды.
Әңгімеге соңғы нүкте қойылды.
Тереңөзек туған жерім, мекенім,
Сенде білдім өмірдің не екенін.
Топырағыңда аунап-қунап кетемін.
Бір күн көрмей қалсам болды сағынып,
Құшағыңа құстай ұшып жетемін.
Атың сенің тұрар көкте жаңғырып.
Тереңград – Тереңөзек туған жер,
Жүрегімде жыр боп жатшы мәңгілік.
– Алло, бұл кім, мен Көзбаевпын.
– Мен Мұрынбаевпын.
– Әй, мен саған райкомнан Көзбаевпын деп тұрмын ғой.
– Дұрыс қой, мен редакциядағы Мұрынбаевпын.
– Әй, оңбаған кімді мазақтап тұрсың? Қазір әкеңді танытамын. Маған редакторды шақыр, – дейді хатшы.
Содан редактор барып, барлық жағдайды түсіндірген соң ашулы Көзбаев сабасына түседі.
Кейін мән-жайды білген соң Байекең Мұқаңа:
– Әй, інім-ай, мені Шағанның телефоншы қыздарымен қырғи қабақ етіп қойдың-ау, – деп өкпесін айтыпты.
– Байекең сіздің тапқан табысыңызды, алған ақшаңызды қызғанады-ау, «ол нағыз парақор адам» деп жамандайды, – депті.
Бірде Сұлтекең бір бөлек ақшаны кеңсесінде отырып, столдың үстіне қойып санай бастайды. Манадан бері мақаласына тақырып таба алмай отырған Уызбаевтың оған көзі түсіп кетеді. Көзілдірігінің астынан қайта-қайта қарап ақыры шыдамай Мұқаңның бөлмесіне келеді.
– Саған айттым ғой, Сұлтан нағыз парақор деп. Тағы біреуден көп ақша алған, санап жатыр, – дейді.
– Байеке, сіз неге пара алмайсыз? Сондай табыс табу қолыңыздан келмей ме? – дейді Мұқаң. Сонда Байекең:
– Мен коммуниспін ғой, – депті.
– Сұлтекең коммунист қой?
– Өй, ол партияға бір кіріп, бір шығып жүрген адам емес пе? – деп қиналатын көрінеді Байекең.
Бұл совхоз құрып, әбден ойсыраған.
Қайырбек, сен де қызық жан екенсің
Апталап Жомарттардан қой сұраған.
Мұқаңның осы сәлемдемесін Жомарт бірде Қайырбектің қолына ұстата салыпты. «Содан қайтып Қайырбек бізге соқпайтын болып кетті» деп қарқ-қарқ күледі Жомарт Ақпанбетов.
Фото: ашық дереккөз








