Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

№ 72 газет

23 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ұлағат болсын ұлыңа, ғибрат болсын қызыңа

Ұлағат болсын ұлыңа, ғибрат болсын қызыңа

Тәлім-тәрбиелік мәні айрықша, атадан балаға мирас болған бата беру дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатында Аманкелді ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен, ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ұлағат болсын ұлыңа, ғибрат болсын қызыңа» тақырыбында аудандық батагөйлер байқауы өтті. Аталған байқауға 10 қария қатысып, өзара сынға түсті.

Негізінен байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде байқауға қатысушы әрбір талапкер өзін таныстырып, еркін тақырыпта, дәстүрге байланысты немесе авторлық батасын нақышына келтіре жат­қа айтса, екінші кезеңде әділқазы алқасы ұсынған тақырыпқа сәйкес, бата беру жүзеге асты. Қариялардың өнеріне Аманкелді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмағанбет Рысбайұлы, мәдениет саласының ардагері, мәдениет саласының үздігі, ҚР еңбек сіңірген төсбелгілерінің иегері Жұмағазы Оразов, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Нағипа Алданиязова төрелік етіп, әділ бағасын қойды.

– Халқымызда той-думанда, ас-жиында, тіпті дастарқан басында да бата беру дәстүрге айналған. Бұл – бір жағынан тәрбиелік құрал, екінші жағынан ұрпақ жалғастығының белгісі. Аға буын өкілдері немере­леріне бата беру арқылы олардың жүрегіне ізгілік дәнін сепкен. Осындай жастарға үлгі болар сайыстар жиі болсын, – дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмағанбет Рысбайұлы.

Байқау қорытындысында жеңіс тұғырынан көрінген бас жүлде иегері аманкелділік Найзабек Әбдуов болды. І орынды шіркейлілік Шолпан Әбдіманова жеңіп алды. Ал ІІ орынды Іңкәрдария ауылынан Гүлмұрат Қарабеков алды. ІІІ орынды Сәкен Сейфуллин ауылынан сайысқа қатысқан Жүрсінбек Анасов еншіледі. Жеңімпаздар мен барлық қатысушыға арнайы диплом мен сыйлық табысталды.

Ақтоты ТЕМІРХАНҚЫЗЫ


30 қыркүйек 2025 ж. 108 0