Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәуелсіздік – айбарым, тұғырлы болсын байрағым

Тәуелсіздік – айбарым, тұғырлы болсын байрағым

Өткен аптада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Нағи Ілиясов ауылдық мәдениет үйі­нің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік айбарым, тұғырлы болсын байрағым» тақырыбында аудан­дық онлайн ән байқауы өткізілді. 9 талапкер қатысқан байқау екі кезеңді қамтыды.

Байқаудың бірінші кезеңіңде өнерпаздар патриоттық ән шыр­қады. Екінші кезеңде еркін тақырыптағы әндерін ұсынды. Өз ке­зегінде өз саласының майталмандары байқауға қатысушылардың өнеріне баға берді. Әрбір талапкердің ән орындау шеберлігі, репертуар таңдауы, вокалдық білімі сараланды.

– Қазақ елі үшін ең ұлық мереке – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы аясында түрлі іс-шара өткізу жоспарланған. Елімізде орын алған пандемияға байланысты ән байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды. Қастерлі мерекенің ұлт үшін маңыздылығы жоғары. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз баянды болсын, – дейді Нағи Ілиясов ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Нұрбол Тұранов.

Патриоттық байқау қорытындысында бас жүлдені асқарлық Абылайхан Бәйділдаев жеңіп алды. Жүлделі І орынды нағилық, Ақбота Русланова, ІІ орынды аудандық мәдениет үйінің атынан қатысқан Әйгерім Үсенова, ІІІ орынды қоғалыкөлдік Бағлан Қараман мен бесарықтық Айбаршын Бисенова иеленді. Жеңім­паздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом мен бағалы сыйлық табысталды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
05 мамыр 2021 ж. 706 0