Жазғы лагерь көңілді
Жадырап жаз да келіп жетті. Бұл мезгілде мектеп оқушылары жазғы тынығу лагерьлеріне баруға асығады. Балалардың демалысын тиімді пайдалану мақсатында ауданда «Жалын» тынығу лагері жұмыс жасайды. 1988 жылы бой көтерген лагерь биыл күрделі жөндеуден өткен. Балалардың жазғы демалысын сапалы да қызықты өткізу үшін барлық жағдай жасалыпты. Жалындықтардың қалай демалып жатқанын білу үшін лагерьге ат басын бұрдым.
– Лагерьде бір ауысымда 9-14 жас аралығында 120 бала тынығуда, олармен 8 тәрбиеші жұмыс жасайды. 150 орындық асхана және 12 ғимарат бар. Олардың 8-і жатын ғимараты болса, 2-і қызметтік, 1-і дәрігерлік пункт. Бүгінде II ауысым басталды, - дейді лагердің басшысы Мира Момбаева.
Таңғы сағат 8:30 болды дегенше жасөспірімдердің қайнаған өмірі басталады. Күн тәртібі бойынша балалар ұйқыдан ояна сала сапқа тізіліп, таңертеңгілік жаттығумен денелерін шынықтырады. Одан кейін демалушылар таңғы астарын ішіп, тойынады. Асхана қызметкерлеріне көмектесу үшін әр топ кезекшілік атқаруда. Осылайша балалардың тазалыққа деген сүйіспеншілігін арттырып, адамдарға көмек көрсетуге қабілетті етеді. Сағат 9:30 және 10:30 арасында балғындар үйірмелердегі сабақтарға асығады. Жазғы лагерьде аудандық Оқушылар үйінің үйірмелері жұмыс жасайды. Бірі ағылшын үйірмесінен тіл үйренсе, екіншілері сурет салудың қыр-сырын білмекке құмар. Бұл үйірмелер балалардың танымын кеңейтуіне септігін тигізетіні анық.
Лагерьде бүгін қандай қызықты шараның болатынын көрсететін тақтайшалар бар. Мысалы, күнтізбеде-«Қазынаны тап» ойыны мен «Жалын ТВ» іс-шарасы және тағыда басқалар жазулы тұр.
«Жалын» тынығу лагерінде «Ұлағат ұландары» бірлестігінен 3 адам тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Олар балаларға «Қазынаны тап» ойынын ойнатты. Ойын тәртібі бойынша сыйлығы бар қорапша құпия жерге жасырылған. Басты шарт қазынаны тауып алып, сыйлыққа кенелу. Белсенділік танытқан «Балдырған» тобы ойынды жеңіспен аяқтады. Ұзақ әрі көңілді ойындардан кейін балалардың қарындары ашты. Түскі аста демалушылар картоп сорпасын, еті бар шелпек, салат және шәй ішті. Кесте бойынша 14:00 ден 16:00 ге дейін түскі демалыс. Түстен кейінгі асқа он бес минут уақыт берілген. Одан кейін балғындар тынығу аумағындағы табиғи қауызға барып, шомылды. Жүздеріне қуаныш үйіріліп, қалған уақыттарын кешке болатын іс-шараға дайындалумен жалғастырды. Күнделікті сағат 20:00 де әртүрлі тақырыптарда мерекелік шаралар өтеді. Қызықтың барлығы сол кезде басталатын секілді.
Мұнда балалар әр өңірден келеді және бұл жер бәріне ұнайды. Соның бірі Қоғалыкөл ауылының оқушысы Мерей Жетібай.
– Мұнда алғаш рет келуім, керемет демалыс өткізудемін және жаңа достар тауып та үлгердім. Балалар үшін жақсы жағдай жасалған, – дейді Мерей.
Лагерьдегі бір де бір күн іс-шарасыз өтпейді. Әр күні балалар әсерлі, ұмытылмас нәрселерді күтеді. Кешкі астарын ішіп болып, топтардың барлығы сахналық алаңға жиналды. «Жалын TV» сайысында «Қалаулым», «Еріншектер елі», «Көңілді тапқырлар алаңы» т.б. бағдарламаларды қою арқылы көрермендерді таң қалдырды. Жеңімпаз топтар мақтау қағаздарымен марапатталып, шат-шадыман күйге бөленді. Көп күттірмей балалардың би кеші де басталды. Би кеші аяқталысымен барлығы ән шырқап, жатар орындарына тарасты.
Осылайша лагерьдің әрбір күні сәнді де мәнді өтуде. Бұл тұста балалардың демалыстарын тамаша өткізуіне үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін айта кеткен жөн себебі балалардың көңілді демалып жатқандығы жүздерінен көрініп тұрды.
Арайлым ӨМІРБЕК,
ҚМУ-дың II курс студенті

Пікір 1