НҰРОТАНДЫҚТАР «АРАЙ-SUNRIZE» БАЛАЛАР ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІНДЕ БОЛДЫ
Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Сондықтан да жазғы демалыс – балаларды әлеуметтік, мәдени, шығармашылық әлеуетін дамытуға, денсаулығын нығайтуға бағытталуы керек. Бұл орайда жазғы тынығыу лагерлерінің жұмысы барлық талаптарға сай болуы қажет. Жетекші партияның Қызылордадағы өкілдері облсы орталығындағы «Арай Санрайз» жазғы тынығу лагерінің жұмысымен танысты.
1997 жылдың 14 шілдесінде негізі қаланған «Арай Санрайз» жазғы тынығу лагері жыл сайын 1080 баладан қабылдап келе жатқан республикадағы ең үздік лагерьлердің бірі. Жазғы лагерьдегі тынығу мезгілінде жиырмадан астам үйірмелер жұмыс жасайды. Жетекші партия өкілдері «Үштілділікке көшу» партиялық жобасы аясында «Ағылшын тілі» үйірмесі жұмысына ерекше ден қойды.
Шара барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылу мен жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауы үшін Үштұғырлы білім беру жүйесінің маңыздылығын атап өтті.
– Бүгінде экономикасы қуатты, халқы табысты елдердің 80 пайызға жуығы ағылшын тілін қолданады. Еліміз дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін бұл басты шарттардың бірі. Сондықтан жас ұрпақты үштілді оқыту – біріншіден олардың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашса, екіншіден әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуға мүмкіндік береді, - деді Ибадулла Құттықожаев
Кездесу барысында «Арай-Sunrize»балалар демалыс лагерінің аға тәрбиешісі Ақтоты Сариева «Үш тілді» білім беру бағытында лагерде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
– Лагерьде балалар үш тілді қатар үйренуге мүмкіндік жасалған. Ағылшын тілі бойынша арнайы үйірме жұмыс жасайды. Онда балалар тілін жаттықтырып қана қомай бір-бірімен еркін сөйлесу арқылы білімдерін шыңдап отыр. Шетелдік қонақтарымыз сыйға тартқан ағылшын тілдеріндегіі 40 астам түрлі шығармалардан арнайы кітап бұрышы жасақталып, балғындардың білімін жетілдіруге септігін тигізіп отыр. Біз «Нұр Отан» партиясының «Үштілділікке көшу» партиялық жобасын толық қолдаймыз,- деді Ақтоты Сариева.