Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Кәсіби мерекемен құттықтады

Кәсіби мерекемен құттықтады

«AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Сыр суы» мекемесінде болып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

– Сіздерді «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының және аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның атынан кәсіби мерекелеріңіз – Су шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. «Сыр суы» мекемесі ауданның су шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп, аудан халқын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге лайықты үлес қосып келеді. Адал еңбектеріңізді, уақытпен санаспай атқарған қызметтеріңізді жоғары бағалаймын және алдағы уақытта да халыққа қызмет етіп, алғыс арқалайды деп сенемін.Кәсіби мерекелеріңізде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Мерекеге орай аудан халқын таза ауыз сумен қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп келе жатқан Идирисов Емжар Бактыбаевич, Жумахметов Бержан Кудайбергенович, Сыздықов Қазбек Маратұлы, Кетебаев Құдайберген Сағатбайұлы, Искакова Айсулу Кенесовна, Байтурганова Эльмира Серикжановна «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Алғыс хатымен марапатталды.

16 шілде 2025 ж. 322 0