Аудан әкімінің құттықтауы
Құрметті су шаруашылығы саласының ардагерлері мен сала мамандары!
Сіздерді 9 шілде – су шаруашылығы саласының қызметкерлері күні кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Су – тіршілік нәрі. Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан да осы салада жұмыс істейтін мамандардың қызметі орасан зор. Сіздер су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдана отырып, оларды болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жоғары кәсіби деңгейде қамтамасыз етіп келесіздер. Бүгінде су саласын дамыту бағытындағы жарқын бастамаларда ауданның су шаруашылығы саласында табанды қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі ұшан-теңіз.
Сыр өңірінің негізгі тіршілік көзі – Сырдария өзенінің суы. Осы өзеннің игілігін көріп, Сыр диқандары егінмен айналысып келеді. Соңғы жылдары аймақта су тапшылығы сезіліп, егінге су жеткізу ісінде қиындықтар туындауда. Міне, осы қиындықтарды еңсеріп шығуда су шаруашылығының майталман мамандары тынымсыз еңбек етуде. Сырдария ауданының тұрғындарына және шаруашылық құрылымдарға су жеткізу ісіндегі қажырлы еңбектеріңіз қашанда құрметке лайық. Ауданның өсіп-өркендеуінде Сіздердің қосып жүрген үлестеріңіз зор.
Қадірлі сала қызметкерлері!
2019 жылы күнтізбеге енгізіліп, биыл төртінші рет атап өткелі отырған кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізбен мерейге бөленіңіздер!

Құрметпен, Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
Сырдария ауданының әкімі