Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ халатты абзал жандар марапатқа ие болды

Ақ халатты абзал жандар марапатқа ие болды

Бүгін  Сырдария аудандық ауруханасында медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік жиын  өткізілді.
Жиын барысында Бас дәрігердің уақытша міндетін атқарушы А.Искендирова медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.  
- Сала қызметкерлерін мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол табыс, жұмыста абырой тілеймін. Кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер, - деді Бас дәрігердің уақытша міндетін атқарушы.
 Өз кезегінде сала қызметкерлері аудан әкімінің құрмет грамотасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен, «Nur Otan» партиясының алғыс хатымен, аудандық, облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Ал мекемеге қарасты кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Ерманов сөз сөйлеп, өзінің жүрек жарды тілегін білдіріп, кәсіподақ ұйымы тарапынан сала мамандарына сый – сияпат табыстады.
19 маусым 2020 ж. 709 0