Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 33 газет

06 мамыр 2025 ж.

№ 32 газет

03 мамыр 2025 ж.

№ 31 газет

29 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жеңімпаз ару

Жеңімпаз ару

Грэпплингтен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ұлту Асқар спорттағы жорығын жалғастыруда. Облыс құрамасы сапында жаттығатын ақжармалық ару кезекті жеңісіне қол жеткізіп, облыс мерейін асқақтатты. Ол – грэпплингтен жасөспірім, жастар және ересектер арасында Астана қаласында өткізілген ҚР кубогында топ жарды.

Жерлесіміз Ұлту Асқар ел біріншілігінде 53 келі салмақта сынға түсті. Жарыс барысында спортшының бірнеше атлетпен жолы түйісті. Дегенмен оның қарсыластан бәсі жоғары болды. Үнемі жаттығу залынан шықпайтын спортшы үшін ҚР кубогында атой салу – оңайлыққа соқпағаны мәлім. Алдағы уақытта Ұлту Асқар Азия чемпионатында грэпплингтен ел намысын қорғайтын болады.

– Жарыс барысында әрбір спортшы дайын­дықтың мықтылығының арқасында жеңіске бір табан жақындай түседі. Бұған дейін ел біріншілігінде өнер көрсетіп жүргендіктен, бұл жолы қарсыластан ешбір сескенбедім. Әрбір спортшыға тыңғылықты дайындықпен шықтым. Әрине, бапкердің қойған әдіс-тәсілін сәтті орындап, жеңіс тұғырынан көріндім. Грэпплинг спортшыға босаңсуға жол бермейді. Қай кезде де формада жүру – маңызды. Жеңіске деген жігердің арқасында облыс қанжығасына кезекті жүлдені салдым. Ендігі кезекте Азия чемпионатына дайындықты күшейту керектігін айта кетейін, – деді жеңімпаз спортшы.

Спортшының шетелдегі ең алғашқы жарысы 2021 жылы өткен. Ендігі жерде Ұлту ересектер арасындағы жарыста биік белесті бағындыруды көздейді.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
22 сәуір 2025 ж. 232 0