Сыр спортшыларының толағай табысы

Ерекше айта кететін жайт, жерлесіміз Дәулет Ниязбеков 65 келі салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны финалға дейін Чан Юй-Сюаньды (Қытайлық Тайпей) 10:0 есебімен, германиялық Александр Семисоровты 12:8 есебімен, ширек финалда моңғолиялық Темер-Очирин Тулганы 6:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда үндістандық, былтырғы әлем чемпионатының күміс 
жүлдегері, 65 келі бойынша әлемдік рейтингте 1-орында тұрған Баджранг Пуниядан (Үндістан) басым түсті. Ақтық сында жерлесіміз Ресей балуаны Гаджымурат Рашидовтан жеңіліп қалды. Рашидов Ниязбековты 11:0 есебімен ұтып, таза жеңіске қол жеткізген болатын. Осылайша тек финалда сүрінген Сыр ұланы Токио Олимпиадасының жолдамасына ие болды.
***
Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әуесқой бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы әлем чемпионатында қазақстандық құрама сапында сегіз саңлақ шаршы алаңға шығып, бақ сынады. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов (48 келі), Қайрат Ерәлиев (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар. Дүниежүзінің былғары қолғап шеберлерінің басын қосқан жарыста қазақстандық спортшылар 4 қола, 1 күміс, 1 алтын медаль еншіледі.
Жүлдегерлер қатарында Сыр споршылары да бар. Олар 75 келі салмақта сынға түскен
Тұрсынбай Құлахмет пен 91 келіден жоғары салмақтағы спортшы Қамшыбек Қоңқабаев. Соңғы Азия чемпионатында жеңімпаз атанған Тұрсынбай Құлахмет бұл додада қола медальді қанағат тұтты. Жартылай финалға дейін сүрінбей келген жерлесіміз филиппиндік Эумир Марсиальмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен ұтылды. Ал құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ақтық сында өзбек боксшысы Баходир Джалоловқа есе жеберіп алды. Аталған жарыстың қорындысында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте Өзбекстан мен Ресейден кейінгі үшінші орынға тұрақтады.

Б.ОРДАБЕКОВ