Цифрлық технология – заман талабы
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы цифрлық технологияларды жан-жақты енгізу қажеттігін айтты. Қазақстан цифрландыру ісінде, әсіресе, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру жолында едәуір жетістікке жетіп келе жатқаны рас. Қазіргі таңда ұялы телефон арқылы тіпті үйден шықпай-ақ көп жұмысты шешуге болады. Бұл цифрлық технологиялардың жүйелі дамып келе жатқанын көрсетеді. Президент өз сөзінде бұл жетістіктердің алда атқарылар жұмыстардың басы ғана екенін айтып өтті.
Қазір барлық сала жасанды интеллектіні зерттеп, тәжірибеге енгізіп жатыр. Елімізде цифрлық экономиканы дамыту¬дағы маңызды қадамдар жасалуда. Мемлекет басшысы бұл тақырыпта бұған дейін де үкімет алдына тапсырма бергені белгілі. Осы орайда елімізде «Alem.AI» жасанды интеллект ұлттық орталығын құру баста¬масы қолға алынғанын атап өту орынды. Биыл ашылатын жасанды интеллект ұлттық орталығы – еліміздің «IT»-индустриядағы беделін арттыруға, ғылыми зерттеулерді күшейтуге әрі Орталық Азиядағы жетекші техно¬логиялық хабқа айналуға жасалған нақты қадам. Елдің цифрлық болашағы үшін бұл – уақыт талабына сай жүзеге асқан маңызды бастама деп білеміз.
Сондай-ақ білім саласында да ІТ технологиялар кеңінен қолданысқа еніп келе жатқанын атап өту орынды. Мектеп бітіруші түлектердің басым көпшілігі цифрлық технологиялар дәуірінде осы бағыттағы жоғарғы оқу орындарын таңдауда. Мемлекеттің өркендеуі, экономикалық дамуы ғылым саласына тікелей байланысты. Сондай-ақ қазіргі таңда кітапханалар да тиімді цифрлық форматта оқырманына қызмет көрсетеді.
Еркебұлан ЖАҚЫП,
Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы
Фото: Ақорда