Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот жүйесін цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Сот жүйесін цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Отырысты ашқан Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов жиынға қатысушыларды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен және алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Ол роботтық сот төрелігінің келешегін талқылауға және жасанды интеллект элементтерін енгізуге баса назар аударылғанын атап өтіп, Цифрлық үкімет кеңсесінде кездесу өткізудің символдық мәні барын айтты.

Кеңес жұмысына Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин, Жоғарғы Соттың судьялары, Департамент басшысы Наиль Ахметзакиров, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, Республикалық адвокаттар алқасының атқарушы директоры Айнаш Рақымова, Қазақ-Британ техникалық университеті ректорының міндетін атқарушы Маратбек Ғабдуллин және т.б. қатысты.

Департамент басшысының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов сот актілерінің сапасын арттыру, IT-технологиялардың көмегімен бірыңғай сот практикасын жедел қалыптастыру және құпиялылық талаптарын сақтай отырып, бәсекелестік ортаны дамыту үшін соттағы IT-сервистеріне барлық мүдделі тұлғалардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты Мемлекет басшысы алға қойған екі тапсырмаға тоқталып өтті.
30 желтоқсан 2021 ж. 340 0