Компьютер адамнан ақылды бола ала ма? - Vox
Бүгінгі таңда көпшілігі жасанды интеллектінің жылдам дамуына алаңдап, оның қауіпті екенін жиі айтып жүр. Стивен Хокинг бір сөзінде «Жасанды интеллектінің дамуы ақырзаманға әкеледі» десе, Илон Маск жасанды интеллектіні адамзатқа төніп тұрған ең үлкен қауіп деп атаған. Тіпті, Оксфорд, Калифорния университеттерінің ғалымдары да жасанды интеллектіні дұрыс пайдаланбау Жер жарындағы өмірдің ақырына алып келетінін алға тартуда. Дегенмен, бұл проблема компьютер пайда болғаннан бері айтылып келе жатқаны белгілі.
Vox басылымында жарияланған көлемді мақалада автор осы мәселе төңірегінде сараптама жасаған. Автордың айтуынша, кей мамандар адамзатты қорқытатын жасанды интеллект туралы айту әлі ерте екеніне сенімді. «Компьютерді адамнан да ақылды ету қолымыздан келе ме? Негізінен, қазіргі замандағы жасанды интеллект технологиялары соншалықты ақылды емес. Адамның ақылын басып оза алмайды. Жасанды интеллект туралы мынандай қанатты сөз бар: «Оңайдың барлығы қиын, ал қиын нәрсе - оңай». Компьютерге қиын есеп шығару өте оңай болғанмен, ол суретке қарап, онда ит немесе мысық бейнеленгенін ажырата алмайды. Яғни, адамдар істей алатын әрекеттердің көпшілігі әлі жасанды интеллект технологияларының қолынан келмейді», деп жазады автор. Оның айтуынша, компьютерді кітап оқуға, оның мазмұнын түсініп, сараптауға үйрету жолы әлі табылған жоқ. Яғни, компьютерді адам сияқты ақылды қылатын уақыт әлі алыс.
Қазақпарат