Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұзақылық жазасыз қалмайды

Бұзақылық жазасыз қалмайды

Елімізде ескерткіштерді қирату, түрлі нысандарды бүлдіру, сындыру фактілері жиілеген. Былтыр вандализм жасаған 5 мыңнан аса адам анықталған. Бұзақылар ұсталған жағдайда жазасыз қалмайтыны түсінікті. Бірақ көшедегі жүгенсіздік «қоғамдық эпидемияға» айналмас үшін не істеу керек?

Әйнегі сынып, төбесі опы­рыл­ған аялдамалар мен қоқыс салғыш­тың сұрықсыз күйін қазір еліміздің кез келген қаласынан кезік­тіруге болады. Тіпті күндіз-түні күзеті­летін нысандардың да орындықтары сынып, жол сіл­тейтін көрсеткіштері мен ескерту тақ­тайшалары бұзақылардың «құрбанына» айнал­ған.

Осы орайда №37 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушыларына "Қоғамдық мүлікті қорға!" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Елімізде «вандализм» ұғымына кіретін әрекеттерді көп жағдайда жастар қауымы жасайды. Вандализм көбінесе үрейден, қаттылықтан, агрессиядан болады. Ван­дализмге алып келетін жолдар: онтогенді, яғни дұрыс емес тәрбие көзі, гипер немесе гипо байектеу баланы, жағымсыз орта болса, биогенді түрде ол шығу тегі (ішімдікке әуестік, психопатия, психикалық ауытқулары агрессивті түрде) арқылы генетикалық тұрғыда ұшырайды.

Кейінгі уақытта вандализм мәселесі ушы­ғып тұр. Күн сайын БАҚ беттерінде біреу­лердің халықтың мүлкін, коммуналдық меншігін бүлдіргені туралы жаңалықтар желдей есіп жүр. Вандализм дерті эпидемия сынды. Мемлекет басшысының жақында айтқан сөзінде халықтың құқықтық сауатын арттыру және қоғамдық тәртіпсіздіктер мен мәдениетсіздікті болдырмау жөніндегі міндеттер ерекше өзектілікке ие болып отыр.
29 қаңтар 2025 ж. 54 0