«Ауыл Аманаты» жобасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда

Биыл 815 жобаны (5,5 млрд. теңгеге) іске қосып,1 мыңнан астам (1060) жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.
Осы бағытта шағын өндіріс орталықтарын құруға басымдық берілуде. Шаруашылық құрылымдарының әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде кәсібін бастаушыларды ғимаратпен, кепілдікпен қамтамасыз ету тәжірибесі енгізілді.
Еске салайық, өткен жылы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 49 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында биыл агро-индустриялық жобаларға қажет мамандар даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс саны 5 308 орынға дейін ұлғайтылды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі