Замандасым, есірткіден аулақ бол!

Ол үшін біз:
– Салауатты өмір салтын ұстануды;
– Есірткінің зиянын ұғынып, одан бас тартуды;
– Ғасыр дертін ауыздықтауға ықпал жасап;
– Денсаулықтың байлық екенін және оның орны толмайтынын ұғынып, өзгелерге де түсіндірейік!
Абай атамыз ”Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын” дейді. Ал есірткі дейтін ғасыр дертіне шалдыққан адамның азғандығының белгісі осы. Сол себепті де уақытымызды пайдалы өткізіп, білімді болуға ұмтылу қажет. Көзі ашық, көкірегі ояу адам ғана есірткінің зиянын бағамдай алмақ.
Біз Қазақстанның гүлденіп, өркен жаяуына жауаптымыз. Еліміздің болашағы жарқын болсын десек есірткі дейтұғын кеселден бойымызды аулақ салайық!
Замандасым, есірткіден аулақ бол!
Ізгі өмірге жеткізбейді жаман жол.
Ақ пен қара айырмасын білсеңіз,
Басқа біткен басыңдағы бағың сол.
Баршамыз бірлесіп қауіпті кеселмен күресейік!
Альбина Амангельдиева,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ