Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жалғыз жағымсыз әрекет ол – нашақорлық.
Н.Ә.Назарбаев
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселеленің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау. Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол – әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері – шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық.
Адамның әрекеттерінде, ой – сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттарды есірткі деп атаймыз. Есірткінің көп түрі болады, бірақ ең көп қолданылатыны мыналар: апиын, морфин, героин, кокаин, кадинин, анхалим левини.
Нашақорлыққа көбінесе, жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің зиянын шегіп жүрген адамдар көбейіп барады.
Осы індетпен бүкіл әлем күресіп жатыр, қатаң заңдар да шығарылып жатыр.Өкінішке орай, бұл қауіпті індет ғалам дерті болып отыр.
Жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құрығына түсіп қор болуда, құлына айналуда. Есірткі олардың сана-сезімін улауда. Әуелде қызығушылықпен бастап, кейін әуестеніп, есірткісіз өмір сүре алмайтын жағдайға жетеді, тәуелді болып қалады.Мұның қандай зиян, қауіпті екенін біліп тұрса да,өзін жоғалтады. Өмірге деген таза көзқарас, болашаққа деген сенімінен айрылады.
Адамның мұндай жолға түспеуіне ата-ананың тәрбиесі, назар аударуы бірден-бір себеп дер едім.Баланың немен айналысып, шұғылданып жүргеніне баса қадағалап тұруы қажет. Мектепте де, ақпарат құралдары да осы індет туралы айтып та жатыр, жазып та жатыр. Іс-шаралар өтуінің кемі жоқ.
Жақында Мемлекет басшысы Президент Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласының «Қоғам мен Құндылық» бөлімінде:
«Мұның бәрі тәлім-тәрбиеден басталады. Ата-анасымен бірге ауласына ағаш екпеген,үлкендердің жан-жануарға мейірімін көрмеген, кішкентайынан табиғатты аялауға дағдыланбаған бала өскенде туған жеріне жаны ашымайды. Мәселе экологияда емес – отаншылдықты, заңда емес – санада» деп баса айтылған.
«Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай,біздің алға қойған мақсатымыз: зиянды әдеттерге қарсы күресетін салауатты білімді – азаматтар мен азаматшалар болып өсу.
Бойымыздағы бар қабілетті тек жақсылыққа бағыттай білейік. Зияндыәдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болайық. Бойымызды ластамай, жан – дүниемізді таза ұстайық. Бос уақытымызды пайдалы іске арнап,ар-намысымызды биік ұстайық. Өз тағдырымыз – өз қолымызда. Өзімізге сенейік. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Камила Абдрахман,
8-сынып оқушысы
№132 Т.Айтбаев атындағы орта мектебі
Сырдария ауданы,
#УПНДПКЗО