Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Зиянды заттардың зардабы

Зиянды заттардың зардабы

Бүгін Жастар ресурстық орталығы және Сырдария аудандық ауруханасының «Жастар денсаулығы» бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық қоғамдық даму бөлімінің мәжіліс залында «Зиянды әдеттерден аулақ бол» тақырыбында жасөспірімдер арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты адамзаттың тағдырына қауіп төндіретін есірткі мен темекінің зиянын түсіндіре отырып, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, қоғамдық қасіреттің алдын алу, есірткінің адам ағзасына зиян келтіретіндігін, ұлттық сананы улайтындығын түсіндіру, сондай-ақ, жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға «Жастар денсаулығы» бөлімінің дәрігері есірткі заттарының адамның физиологиялық-психологиялық дамуына тигізер зияны мен нашақорлыққа әуестеніп, ішімдікке салынудың соңы құқық бұзушылыққа, түрлі қылмыстық әрекеттер жасауға әкеп соғатынын, физикалық тәуелділік туындататынын, адам ағзасының барлық функциялары бұзылатынын атап өтті. Шара соңында пікір алмасып, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
19 сәуір 2023 ж. 522 0