Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік тіл – менің тілім!

Мемлекеттік тіл – менің тілім!

Қазақ тілі – егемен еліміздің мемле­кеттік тілі болып саналады. Ұлттың қазынасы – әлем­дегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдің бірі.

Қазақ тілінің құдіретін қанша сөзбен айтсақ та, оны жеткізу мүмкін емес. Талай ғалым, жазушы, зерттеуші осы қазақ тілінің қандай көркем тіл екенін айтқан еді. Расында, қазақ тілі сүбелі сөзге, мақалға, шешендік сөзге бай.

Тіл тұғырының биікке көтерілгені – халық мәр­тебесінің жоғарылауы. Өз тіліңнің қадірін біліп, байлығым деп санаған әрбір адам тіл мәселесіне бей-жай қарамайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бүгінгі күнгі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне баса назар аударды. Енді осы жолда бірігіп еңбек ету ғана қалды. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Демек, бұл бір адамға ғана қатысты емес, барлық қоғамға байланысты. Әр халықта тіл сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы ғана емес, өзге елдердің алдында дәрежесін айқындап, тарихынан хабар беретін, еңсесін биік көтеріп, болашағына болжам жасайтын қастерлі де қасиетті тұғырлы қаруы екені мәлім. Егер мәңгілік ел боламыз десек, өз ана тілімізді бірінші орынға қойған абзал.

Баршаға мәлім қай тілде сөйлесек, сол тілде ойлаймыз. Сол тілде ойлаған соң, жан дүниеміз сол тілге бейімделіп, сол тілдің жанашырына айналамыз.

Ғасырлар қойнауынан тарихымыз, тіліміз сондай анық, таза күйінде бізге жеткен қастерлі мұрамыздың бірі болып табылады. Бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы, мемлекетіміздің тұғырлы тірегі, өткені мен болашағының айқын көрінісі, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.

Бойымызға ана сүтімен дарыған қастерлі тілімізді ардақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – басты парызымыз. Ана тілінің қадір-қасиетін ерте кезден-ақ түсіне білген халқымыз оны қасиетті мұраға балап, қастерлейді. Қазақ тілі – ертеден оралымды, ырғақты, аса қуатты, бай тіл. Ол жан дүниеміздің айнасы, тәуел­сіздігіміздің айғағы іспетті.

Тіл болашағының жарқын болуы саналы да қуатты жастардың қолында. Әр халықтың тағдырына жауапты қазіргі жас буын еліміздің болашағының иесі екендігін естен шығармаған жөн. Себебі өркениетке құлаш сермейтін елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек.

Жоғарыда тілге тиек еткендей, халқымыз тәуелсіздігін алғалы қанша уақыт өтсе де, кейбір азаматтарымыздың тілді мойындаса да игеруге асықпайтындығы, сол ежелгі таптаурын болған қағидаттардан арыла алмай жүргені анық байқалады.

Әр адамның азаматтық ұстанымы – салт-дәстүрін сақтаумен, өзінің туған жерін, Атамекенін сүюмен, өзінің ана тілін білумен өлшенбек. Біліп қана қоймай, күнделікті тұрмыста қолдану аясын кеңейтіп, тілге деген жанашырлық сезімінің болуынан көрініс табады. Ендеше, татулық пен тұрақтылықтың негізі болған туған тіліміз туғырлы, тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуы үшін баршамыз тіл мерейінің жоғарылауы үшін жұмыс жасауымыз керек.

Дархан КҮЗЕРБАЕВ,
Сырдария аудандық соты
әкімшісінің жетекші маманы
Фото: ашық дереккөзден
28 желтоқсан 2024 ж. 50 0