Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мемлекеттік тілді заң жобаларын жазу тілі ретінде бекіту қажет — Бибігүл Жексенбай

Мемлекеттік тілді заң жобаларын жазу тілі ретінде бекіту қажет — Бибігүл Жексенбай

Заң жобаларының алғашқы drafting тілін — мемлекеттік тіл ретінде бекіту қажет. Бұл туралы Парламентаризм институты ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай айтты. KAZINFORM

Мемлекеттік тілдің заң шығару, білім беру және цифрлық кеңістіктегі қолданылуын арттыру — бұл стратегиялық міндет. Бұл бағытта біз заңнамалық негізді жетілдірумен қатар, жаңа технологиялардың мүмкіндігін толық пайдалануымыз қажет. Мемлекеттік тілдің заң шығару процесіндегі үлесін арттыру үшін ең алдымен құқықтық базаны жетілдіру қажет. 2023-2029 жылдарға арналған Тіл саясатын дамыту тұжырымдамасында заң жобаларының бастапқы нұсқасын мемлекеттік тілде әзірлеу міндеті айқын көрсетілген. Бүгінгі зерттеулер көрсеткендей, заң жобаларының 70 пайыздан астамы бастапқыда орыс тілінде дайындалады. Бұл тәжірибе аудармаға тәуелділікті арттырып, мазмұндық дәлдікке нұқсан келтіреді, — деді сенатор.

Сондықтан ол «Құқықтық актілер туралы» заң мен Парламент регламентіне тиісті өзгерістер енгізіп, заң жобаларының алғашқы drafting тілін — мемлекеттік тіл ретінде бекіту қажеттігін айтады.

— Құқықтық терминдердің тұрақтылығы мен дәлдігі заң мәтіндерінің сапасының негізгі көрсеткіші. Сондықтан Termincom және Til Qazyna бекіткен сөздіктер мен нұсқаулықтар барлық мемлекеттік орган үшін міндетті қолдануға жатқызылуы тиіс. Әділет министрлігі 2024 жылы құқықтық мәтіндердің сапасын бағалау үшін құқықтық лингвистика әдістемесін енгізуді жоспарлады. Бұл — мемлекеттік тілдің заң шығару сапасын арттырудың нақты тетігі, — деді Бибігүл Жексенбай.

Отырыста Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлейменова мемлекеттік тілдің басымдығы заң жүзінде бекітілгенімен тәжірибеде қолданылу деңгейі әлі де жеткіліксіз екенін айтқан еді.



06 қазан 2025 ж. 267 0