Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл мәртебесі – елдің мерейі

Тіл мәртебесі – елдің мерейі

Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті.

Тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, ал тіл мәртебесі халықтың қолында.Тілімізді қаншалықты бағалап құрметтесек, соншалықты еліміздң еңсесі биік болады.Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Ол атадан балаға мирас болып отыратын баға жетпес мұра.Демек, әр адам өзінің ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз бұрмалауына қарсы тұруы тиіс.

«Тіл- тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап ой түйетін адам өзінің еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ол әрбір адамға анасындай қымбат. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер- ана тілі. Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі-әлемдегі барлық мемлекеттік тіл сияқты өзінің егемендігін алған тіл. Қазақстанда тұратын әрбір азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті.

29 сәуір 2021 ж. 374 0