Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақ қызы дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақ қызы дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Дана Әбдірова дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды  KAZ.NUR.KZ.

Перудің Лима қаласында басталған әлем біріншілігінде Дана ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.
Дана Әбдірова қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған. Жарыс барысында барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтаған.

Іріктеу кезеңінде Эльвира Гурьеваны (IJF), Коралина Сиенниканы (Польша) жарыс жолынан шығарған.

Ширек финалда Жапония спортшысы Уено Асукадан айласын асырса, жартылай финалда Андраде Жованнаны жеңген. Алайда финалда Дана жапониялық жас дзюдошы Мио Шираканеге есе жіберген.

Айта кетейік, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында әлемнің 65 елінен 463 жас татами шебері қатысып жатыр.

Дана Әбдірова. Фото: t.me/kazjudoteam
06 қазан 2025 ж. 180 0