Кеселмен күрес – көпке ортақ мәселе
ол арлы адамның ісі.
(Абай Құнанбаев)
Иә, маған Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өсіп, өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің әлемнің ең дамыған елдерімен терезесі тең болып дамығанына куә болу – үлкен бақыт. Ал кез келген мемлекеттің ілгері дамуы, елдің ішкі саяси тұрақтылығына және сыбайлас жемқорлықтың қанат жаймауына тікелей байланысты. Оған осы бастан тоқтау қоймаса, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды.
«Сыбайлас жемқорлық» деген «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Жемқорлықтың алғаш пайда болуының тарихы тым тереңде жатыр. Ежелгі Вавилон мұрағатында кескінін тапқан мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жемқорлық туралы алғашқы еске алу б.д. дейінгі XXIV ғасырдың екінші жартысына жатады.
Шумерлар мен семиттер дәуірінде Лагаш Патшасы (ежелгі қала қазіргі Ирак жерінде Шумердегі мемлекет) Урукагина шенеуніктер мен судьялардың өздерінің қызметтерін теріс пайдалануының алдын алу, сондай-ақ, патша әкімшілігі жағынан храм қызметкерлерінен заңсыз марапаттарды қорқытып алушылықты азайту, рәсімдер үшін төлемдерді азайту мақсатында мемлекеттік басқаруды құрды.
ТМД елдері арасында Қазақстан алғашқылардың бірі болып әзірледі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын қабылдады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа байланысты туындайтын қатерлерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк, қоғамдық жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, лауазымды және басқа да адамдардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлық тек құқықбұзушылық емес.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады:
– қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану;
– билікті не қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану;
– пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу;
– қызметтік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, жалған жауап беру;
– лауазымды адамның сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, т.б.
Аталған іс-әрекеттер мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлық тек билік басында отырған азаматтарға ғана байланысты емес. Біздің халықта «Сыбайлас жемқорлық тек билік басындағыларға қатысты» деген түсінік бар. Жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу, оны болдырмау – әрбір азаматтың парызы. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс. Деректерге сүйенетін болсақ бүкіл әлемде сыбайлас жемқорлық жайламаған мемлекет жоқтың қасы.
Өкінішке орай, Қазақстан да осы көрсеткіштердің алдыңғы қатарынан орын алып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың ауыр зардабы әсіресе қарапайым халыққа ауыр тиетіні де жасырын емес, себебі сыбайластық қолдан жасалған қосымша шығындардың есебінен баға шарықтайды. Нәтижесінде қарапайым тұтынушы зардап шегеді. Халықтың басым бөлігі кедейлене түседі, бай мен кедей арасында әлеуметтік теңсіздік ұлғая түседі. Осыдан келіп елдің әлеуметтік жағдайы шиеленісе түседі. Елімізде алғашқы сыбайлас жемқорлықпен қүрес жүргізу туралы заңнама 1998 жылы 2 шілдесінде қабылданып, 2015 жылы 18 қарашасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңы енгізілді. Иә, мемлекет тарапынан қабылданып отырған заңдар мен жасалып отырған іс-әрекеттер әлі де болса жеткіліксіз.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып отыр.
Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылуы керек. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде.
Ең алдымен сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуді мектеп табалдырығынан бастау қажет, яғни өскелен ұрпақтың бойына осы жаман әдеттің кез келген азаматтың, одан қалды мемлекетіміздің дамуына балта шабатынына көз жеткізуіміз қажет. Болашақ ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарымызды қалай дарытсақ, сыбайлас жемқорлықтың да қияметін солай үйретуіміз қажет. Атап айтатын болсақ, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерден бастап, жас ерекшелігіне сай сынып сағаттарында сыбайлас жемқорлықтың азаматтардың болашағына балта шабатынын түсіндіру қажет. Әр тоқсанда бір рет құқықтық ашық есік күндерін жариялау, құқық апталықтарын өткізіп отырса және БАҚ беттерінде, әлеуметтік желі арқылы түсіндіру жұмыстары күн тәртібінен түспеуі қажет. Белсене қатысқан оқушылар мен модераторларды мараппаттап отырса, оқушылардың да белсенділігі артар еді. Одан бөлек Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту. Мәселен, Иван Грозный ХVI ғасырдың ортасында парақорлыққа тыйым салған. Сондай-ақ 1995 жылы Ұлыбританияда Нолан комиссиясы жемқорлықтың алдын алатын 7 қағиданы қабылдаған. Олар: Риясыздық. Сатылмастық. Әділдік. Есептілік. Ашықтық. Арды, абыройды сақтаушылық. Басшылық. Міне, осы қағидалар арқылы бүгінгі таңда Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттері өзінің жемісін бере бастаған. Елімізде осы іспеттес қағидаларды қатаң сақтасақ, сыбайлас жемқорлықтың жойылуына өз үлесімізді қосқан болар едік. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдермен айығуды міндет етіп қойдық.
Қорыта келгенде, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Қара қылды қақ жарып, турасын айтып, дамыған мемлекет қатарына жету – мақсат. Тура жолды таңдап, парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Мен Қазақстан Республикасының ұлтжанды азаматымын деген патриоттарымыздың түпкі мақсаты жемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту және мемлекетіміздің шарықтап дамуына титтей де болса өз үлесін қосуы қажет.
Шәкәрім атамыз адалдық туралы:
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи.
Ғибадат пен адалдық ар үшін жи – дегендей бақыттың өзі адалдықпен келеді. Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет! Баршаңызды парасаттылық идеологиясын насихаттауға, жемқорлық атты зұлымдыққа белсенді түрде төтеп беруге шақырамын.Нұргүл МУСАЕВА