Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Адам папиллома вирусы туралы баспасөз конференциясы өтті

Адам папиллома вирусы туралы баспасөз конференциясы өтті

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Құралай Омарова папиллома вирусы туралы  баяндады.

–Қазақстанда 2024 жылдың күзінен бастап 11-13 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация жүргізілуде. Вакцинация тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. АПВ вакцинасы 6 айлық аралық пен екі рет егіледі. Адам папиллома вирусының 200-ден астам түрі бар. Оның кем дегенде 14-і жоғары онкогенді, шырышты қабаттар арқылы таралуы мүмкін және 95 пайыз жағдайда жатыр мойны обырын, сондай-ақ басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін. Жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусын емдеудің тиімді әдісі – осы вирусқа қарсы вакцина салдыру екені қазір ғылыми дәлелденген. Жатыр мойны обыры-алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік түрі. Қолданылатын вакцина – АҚШ-та жасалған «Гардасил». Вакцина қауіпсіз және вирустың ДНҚ-сы жоқ. Аллергиялық реакциялардың ықтималдығы минималды. Жүргізілген зерттеулер бойынша, вакцина 10 жылдың ішінде әсерін жоғалтпайды және жыл сайын егу қажеттілігі жоқ.– деп өз сөзін қорытындылады.
21 қазан 2025 ж. 324 0