Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі талқыланды

Осы орайда Нағи Ілиясов ауылдық округі аппаратының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Бүгінде қоғамда жемқорлық пен парақорлық араласпаған сала қалмады. Себебі, сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді. Ол барлық жерлерде кең таралған. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлық құбылысының қауіптілігі – ол мемлекеттік билік қызметіне халықтың сенімділігін жоғалтады. Сондықтан да, осынау әлеуметтік құбылыс ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада мен Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы, аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев қатысты.