Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Кесапаты көп қоғамдық кесел

Кесапаты көп қоғамдық кесел

Жемқорлық – мемлекеттің, қо­ғам­ның дамуына тежеу болатын, бола­шағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқор­лыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбай­­лас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бар салада жүзеге асырылып келеді. Со­ның ішінде, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып бел­сенділік танытуымыз керек. Пара­қорлық мем­лекеттік органдардың тиісті қыз­мет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұяла­тады, заңды қағидаларды теріске шыға­рып, азаматтардың консти­туция­лық құқық­тары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Бұл кесел­дің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз.

Талғат ҚҰЛАМҚАДЫРОВ,
Шіркейлі ауылдық
округінің әкімі
Фото:Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
29 маусым 2024 ж. 227 0