Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлық – қоғам дерті

Жемқорлық – қоғам дерті

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер етіп, әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық даму үдерісін баяулатады, сайып кел­генде, елдің даму болашағына үлкен қауіп төндіреді.Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның ақауы болып табылады. Осы ретте, қоғамға, өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың аса ауыр құқықбұзушылық екенін ұғыну маңызды. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдение­­ті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болма­са, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Біздің қоғамның әрбір толыққанды және дені сау мүшесі жемқор­лық­қа қарсы күрес – бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екенін түсінуге тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениет­ті қалыптастыру маңызды.

Жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу – олардың сыбай­лас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалып­­­тасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып, жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірі болып саналады.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның ең басты қауіп-қатерлерінің бірі. Бұл кесел мемлекет пен қоғамның тұ­рақ­тылығына, ел экономикасының іл­герілеуіне үлкен кедергі келтіріп отыр. Десек те, осындай келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау және басқа да мем­лекеттік органдардың міндеті емес, әр азаматтың парызы екенін естен шығармаған абзал.

Елімізде жемқорлықпен күрес жұмыс­тары жүйелі жүргізілуде. Пара беруші де, алушы да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер барлық салада жүзеге асырылуда. Бұл дертпен күрес мәселесі біраз мемлекет үшін көкейтесті проблемалардың бірі. Сырдария аудандық дене тәр­биесі, спорт және туризм бөлімі жаңадан құрылуда. Спорт және туризм саласында жемқорлықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.

Бағдат Есенов,
Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының м.а

Фото: Н.Нұржаубай
09 сәуір 2024 ж. 242 0