Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу


Бiз XXI ғасырдың жаңа қоғамында өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болып табылады және бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Сондай-ақ, шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас жемқорлық. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік - «параға сатып алу», «пара беру» деген мағына береді.
Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.
Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдай  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, cыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің дамуына,  болашаққа айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.  Мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табуда. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңажолын  таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі  кеселдерден айығуды  міндететіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен барынша күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын болмауы тиіс. Қоғамның барлық күшін біріктіріп, осы дерттің одан әрі күшеймеуі үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана ғасыр дертіне тиімді түрде қарсы тұруға болады.
  М.Есбаев,

Сырдария аудандық Әділет
                      басқармасының бас маманы   
19 желтоқсан 2018 ж. 956 0