Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары сияқты қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі сәйкесті буындарды тұншықтырып, олардың қалыпты, заңды қызмет жасауына кедергі келтіреді. Ал іс жүзінде бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмыстары үнемі үздіксіз жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында бірнеше басты бағыттармен белгіленген. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану, қоғамдық бақылау институттарын енгізу, құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Осы бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, жұмыстары жүргізіледі. Жалпы айтқанда, жемқорлықпен күрес – жеке тұлғалардың ғана емес, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, қоғамның басты борышы.
Нұрбол ЖҰМАБЕКОВ,
Айдарлы ауылының әкімі
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ