Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Былапыт сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды

Былапыт сөздер айтқаны үшін айыппұл салынды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы 17.09.2024 жылы сағат 15:00 шамасында қоғамдық орында, яғни Тереңөзек кенті, А.Иманов көшесіндегі №36 мектеп лицейінде айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, былапыт сөздер айтқан.

Сот отырысында құқық бұзушының ұсақ бұзақылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген ісқұжаттарымен толық дәлелденген.Сот қаулысымен құқық бұзушы Ш. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 51 688 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
26 қыркүйек 2024 ж. 304 0