Айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқық бұзушы 21.10.2024 жылы сағат 00:19 шамасында қоғамдық орында, яғни Тереңөзек кенті, И.Тоқтыбаев көшесіндегі «Ғаламшар» кафесінде айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, былапыт сөздер айтқан.
Сот отырысында құқық бұзушының ұсақ бұзақылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 51 688 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ