Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда алкогольден жаппай улану тіркелді: 18 адам көз жұмды

Үндістанда алкогольден жаппай улану тіркелді: 18 адам көз жұмды

Үндістанның Манипур штатында құрамында улы зат болуы мүмкін қолдан жасалған алкогольді тұтыну салдарынан кемінде 18 адам қайтыс болды. Тағы мыңнан астам тұрғын ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

ANI агенттігінің мәлімдеуінше қайғылы жағдай туралы штаттың заң шығарушы жиналысындағы Үндістан ұлттық конгресі фракциясының жетекшісі Кейшам Мегхачандра Сингх хабарлаған.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің бірнешеуі ауыр халде. Олар мемлекеттік және жекеменшік ауруханаларда ем қабылдап жатыр. Жұма күні медициналық мекемелерге 600-ден астам адам түскен болса, сенбі күні таңертең тағы 300-ге жуық тұрғын ауруханаға жеткізілген.

Сингхтің сөзінше, алкоголь құрамындағы метанол адамдардың денсаулығына ауыр зиян келтіріп, соның ішінде бүйрек ауруларына себеп болуы мүмкін.


Штаттың бас министрі Кхемчанд Юмнам әлеуметтік желіде ауруханада емделіп жатқан науқастардың жағдайымен танысқан сәтінен видео жариялады.

Қайғылы оқиғаға байланысты Манипур билігі тұрғындарға шұғыл ескерту жасады. Соңғы 48–72 сағат ішінде күмәнді алкоголь тұтынған немесе көру қабілетінің бұлыңғырлануы, құсу, тыныс алудың қиындауы, бас айналу және іштің ауыруы сияқты белгілер байқалған азаматтарға дереу медициналық көмекке жүгіну ұсынылды.

Билік өкілдері өз бетінше емделуге және үй жағдайындағы емдеу тәсілдерін қолдануға қатаң тыйым салды. Сондай-ақ күмәнді алкогольді ішпеуге және қалған бөтелкелерді, қаптамаларды тастамауға шақырды. Олар қауіпті өнімнің шығу тегін анықтау үшін құқық қорғау органдарына қажет болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта штаттағы барлық ауруханалар мен эпидемиологиялық бақылау бөлімдері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілген.


Сурет: report.az/ru
22 қараша 2026 ж. 36 0