Цирк қойылымында күтпеген жағдай: акробат биіктіктен құлап кетті
Қарағандыда қойылым кезінде акробат биіктіктен құлап кетті. Оқиға шоудың алғашқы бөлімінде, әртістер күрделі трюк орындап жатқан сәтте болған, деп хабарлайды Egemen.kz.Оқиғадан кейін әртіске медициналық көмек көрсетілген. Цирк әкімшілігінің хабарлауынша, дәрігерлер оны тексеріп, денсаулығына қауіп жоқ екенін анықтаған.
«Алғашқы бөлімде күтпеген жағдай болды. Дәрігерлер келіп, тексерді. Әртістің қол-аяғы аман, жағдайы жақсы. Жақын арада жұмысқа қайта кіріседі», деп мәлімдеді цирк өкілдері.Сондай-ақ цирк әкімшілігі аталған нөмірді орындаған әртістердің тәжірибесі мол екенін атап өтті. Олар Мәскеуде өткен халықаралық цирк өнері фестивалінде күміс жүлдеге ие болған.









