Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛҒАШҚЫ ЭКОЛОГ

АЛҒАШҚЫ ЭКОЛОГ


Газет тігінділерін парақтап отырып, «Табиғат дауысы» газетінің ең бірінші саны қолыма түсті. Басылымның бұл жолғы нөмірінде «Ол ерекше жан еді» тақырыбымен берілген мақала жарияланыпты. Үлкен мақала ел арасында «алғашқы эколог» атанып кеткен Елтай Тыныштықбаевқа арналған екен.
Облысымыздағы Арал өңірінің экологиясы жанға батар ащы шындық екені кез-келгенімізге белгілі. Әрине, осы аймақтың арнайы экологиялық зардап аймағы болып мойындалуының өзіне қаншама азамат еңбегін сіңірді. Сондай жандардың бірі – Елтай Байназарұлы Тыныштықбаев. Ол – Арал өңірінің экологиялық зардап аймағы болып танылуы үшін ерекше еңбек сіңірген жан. Әсіресе, Арал, Балқаш мәселелері бойынша қоғамдық комитетте қызмет атқара жүріп, Арал өңірі экологиясын жақсарту мақсатында маңдай терін аямай төкті. Бүкіл білімін, қуат күшін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сарп етті.
Бұл терең ойлағанда ардақты азаматқа берілген орынды баға еді. Себебі, Елтай Байназарұлы Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің 1988 жылдың 7 қаңтарындағы №32 қаулысына сәйкес 1988 жылдың 26 қазандағы облыстық Кеңес атқару комитетінің №404 шешімімен облыста жаңадан құрылған экология саласындағы қызмет – Қызылорда облыстық табиғат қорғау комитетінің алғашқы басшысы болатын.
Экология саласына Е.Тыныштықбаев басшылық жасаған жылдары облыстың шаруашылық салаларын дамытуға арналған «Арал-2006» бағдарламасы қабылданды. Білікті басшы негізінен экономиканы экологияландыру бағытында жұмыстарға ерекше басымдық берді. Сол жылдары, әсіресе 1992 жылы тікелей Елтай Байназарұлының басшылығымен дайындалып, қабылданған жоспарлар өз жемісін берді. Сапалы жүзеге асты. Сонымен бірге, осы жылдары экология басқармасы арқылы дайындалып, облыс әкімшілігі тарапынан қолдау тауып жүзеге асырыла бастаған «Жасыл өлке», «Ауыз су», «Экология», «Денсаулық» сияқты бағдарламалар жұртшылық арасында оң пікір қалыптастырды.
1991 жылдың басында Арал мен Арал аймағына байланысты Республикалардың Жоғарғы Кеңестері және КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі «Арал» консорциумын құрды. 1992 жылы Арал апатының зардаптарын жою жөніндегі шараларды заңдылық тұрғыда қамтамасыз етуде үлкен серпіліс болып, Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында осы мәселе қаралып, Қызылорда облысы экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Бұл маңызды құжаттар бойынша, мысалы өңірдегі негізгі кәсіп балық өндіруді 1993 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 24 мың тоннаға жеткізу үшін тоғанды су қоймалары мен көлдерді таза сумен қамтамасыз етіп, оларды қайта жөндеу сияқты мелиоративтік жұмыстар қолға алына бас­тады. Бұл жұмыстардың да басы-қасында жүрген Елтай Тыныштықбаев өз біліктілігін көрсетті.
Экология саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Елтай Байназарұлы білімді азамат еді. Ол кісі қай кезде де нақты шешім қабылдайтын. Жұмыстың көзін білетін. Әрқашан әділ басшы, ізденімпаз, адал ниетті аға болды. Басқалардан да әділдікті талап етті. Білікті кадрларды жұмысқа тартып, оқытып, үйрету арқылы тұрақты экология мамандарын қалыптастырды. Алдына мұқтаждықпен келгендерді жылы қабылдап, байыпты тыңдап, қолдан келіп жатса мәселесін шешіп, көңілдендіріп жіберетін.
Елтай Байназарұлы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, халық депутаттары Кеңесінің облыстық және аудандық депутаты болып бірнеше рет сайланғаны ел есінде. Туған елі мен жері үшін еткен еңбегі елеусіз қалмай, ол екі рет «Құрмет белгісі» орденімен және Республика Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталды. Алғашқы еңбек жолын «Казгипроводоэлектро» экспедициясында 1957 жылы бастаған. Мұнан соң 1959-1971 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы Облком инспекторы, мелиорация және су шаруашылығы жүйесінде әртүрлі қызметтерді де ойдағыдай атқарды. Қолынан іс келетін азамат 1971-1975 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары, 1975-1980 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы Қармақшы аудандық комитетінің екінші хатшысы қызметтерінде болып, мұнан соң бірнеше жыл қатарынан облыстық ауылшаруашылық басқармасын басқарған, 1986 жылы облыстық агроөнеркәсіп комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінде екі жылға жуық еңбек еткен... Иә, халыққа қызмет ететін әр азаматтың өзінің биігінен төмендемегені қандай жақсы!

Қуанышқали ШАПШАҢОВ,
Қызылорда облысының құрметті қайраткері
14 желтоқсан 2017 ж. 1 648 1

Гость JeaOrer от 6 ақпан 2019 10:33
Amoxicillin 500 Clav K 125mg Treats viagra Clomid Online Pharmacy Preis Viagra Mg http://truthaboutstaininggrid.com Methotrexate And Amoxicillin Interactions Hplc Methods For Amoxicillin Clavulanic Acid