Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » АРАЛ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ПАРИЖДЕ ТОП ЖАРДЫ

АРАЛ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ПАРИЖДЕ ТОП ЖАРДЫ


Қазақстандық режиссер түсірген «Завтра море» фильмі Францияда өткен халықаралық кинофестивальде жүлдегер атанды
   Режиссер Катериан Суворова түсірген «Завтра море» фильмі Арал теңізінің экологиялық мәселесіне арналған. Ол Францияда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Жан Руш атындағы халықаралық кинофестивальдің биылғы 36-шы бағдарламасына енген, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.
    Байқаудың «Көрілім» бағдарламасы бойынша таныстырылған фильм «Антропология және жемісті даму» жүлдесіне лайық деп танылған. Парижге барып қайтқан режиссер Катериан Суворованың өзі фильмді көрермен ықыласпен қабыл алып, соңынан Арал теңізіне қатысты мәселе бойынша қызу талқыға ұласқанын айтады.
    «Завтра море» деректі фильмі алғаш рет Швейцарияда өткен «Locarno Festival» халықаралық байқауында, содан кейін Алматыда өткен «Clique» фестивалінде көрсетілген болатын. Жалпы, фильм бір жыл ішінде «Thessaloniki International Film Festival» (Грекия), «Jihlava International Documentary Film Festival» (Чехия), «Docs Against Gravity» (Польша), «Артдокфест» (Россия), «Open City Documentary Festival» (Британия), «SF IndieFest» (АҚШ) сынды  кино байқауларда көрсетілді.
    Айта кетейік, аталған фильм Қазақстан кино сыншылары қауымдастығы тағайындаған «Тұлпар» жүлдесін «Үздік фильм» номинациясы бойынша жеңіп алған болатын.
29 қараша 2017 ж. 1 266 0