Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі №102 қаулысы

Сырдария ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі №102 қаулысы

Сырдария ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 15 сәуірдегі №102 қаулысы

Жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді
мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы

«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 17, 84-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына және «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 05-1/155 ұсынысына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде 300 орындық мектеп құрылысы жоспарлануына байланысты осы қаулының қосымшасына сәйкес экспликация бойынша жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 16шілде болып белгіленсін.

3. Меншік иелері жүгінетін орын Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Аманкелді Иманов көшесі №82 мекенжайда орналасқан «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.

4. «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

5. «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты», «Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» және «Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сырдария ауданының
әкімі Б.Сарменбаев

Сырдария ауданы әкімдігінің
2024 жылғы «15»сәуірдегі
№102қаулысына қосымша

Мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын
жер учаскелері немесе өзге де жылжымайтын мүліктер экспликациясы

Меншік иесінің
аты-жөні
Орналасқан жері мен санаты
Нысаналы мақсаты
Кадастрлық нөмірі
Көлемі, шаршы метр
1
2
3
4
5
6
Бакирова Бейсенкул Ахатаевна
Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі №11, елді мекен жері
үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін
10-153-002-1541
184,0
2
Бакирова Бейсенкул Ахатаевна
Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі №11Б, елді мекен жері
жеке тұрғын үй құрылысы үшін
10-153-002-1507
906,0
3
Попова Галина Васильевна
Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі №9 елді мекен жері
тұрғын үйге қызмет көрсету үшін10-153-002-220
600,0
4
Сражаддинова Малика Русланқызы
Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі №7А, елді мекен жері
тұрғын үйге қызмет көрсету үшін
10-153-002-219
1200,0
Барлығы:
2890,0


Фото: Egemen.kz
16 сәуір 2024 ж. 204 0