Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Сәрменбаевтің №315 қаулысы
«Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қарашадағы №315 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17,84-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы»Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес,Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қарашадағы №315 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген меншік иелерінен жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығару осы қаулы 27.02.2023 ж – 26.05.2023 жылға дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану күнінен бастап өткізілсін.
3. Жер учаскелерінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктердің меншік иелері жүгінетін орын Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Аманкелді Имановкөшесі №82 мекенжайда орналасқан «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
4. «Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
5. «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Сырдария аудандық жер қатынастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен және «Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» коммуналдық мемлекеттік мекемесіменбірлесіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің жетекшілік ететін сала орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сырдария ауданы әкімдігінің
2023 жылғы «27» ақпан
№68 қаулысына қосымша
№ | Меншік иесінің аты-жөні | Кадастрлық нөмірі | Орналасқан жері | Нысаналы мақсаты | Көлемі, шаршы метр |
1 | Арихов Берікбол Жакебайұлы | 10-153-002-1113 | Абай Құнанбаев көшесі №13/3 | тұрғын үйге қызмет көрсету және пайдалану үшін | 600,0 |
2 | Берлібекова Ақалма, Сейтжанов Қазыбек Советбекұлы | 10-153-002-280 | Абай Құнанбаев көшесі №23/6 | тұрғын үйге қызмет көрсету үшін | 180,0 |
3 | Жакебаева Лаура Берікболқызы | 10-153-002-1032 | Абай Құнанбаев көшесі №17/6 | тұрғын үйге қызмет көрсету және пайдалану үшін | 300,0 |
4 | Арихов Берікбол Жакебайұлы | 10-153-002-1104 | Абай Құнанбаев көшесі №23/2 | тұрғын үйге қызмет көрсету және пайдалану үшін | 400,0 |
5 | Қуанышева Айгүл Дайрабайқызы | 10-153-002-1071 | Абай Құнанбаев көшесі №23/3 | тұрғын үйге қызмет көрсету және пайдалану үшін | 182,4 |
6 | Ыдырысова Индира Асанқызы | 10-153-002-1226 | Абай Құнанбаев көшесі №23/1 | тұрғын үйге қызмет көрсету үшін | 187,0 |
7 | Кәрібаева Жансая Кенжеғазықызы | 10-153-002-913 | Абай Құнанбаев көшесі №13/3 | тұрғын үйге қызмет көрсету үшін | 578,0 |
8 | Алдабергенов Адилхан Пайзрахманович | 10-153-002-1184 | Абай Құнанбаев көшесі №23/5 | тұрғын үйге қызмет көрсету және пайдалану үшін | 193,72 |
9 | Уйсимбаева Зәуре Маманқызы | 10-153-002-939 | Абай Құнанбаев көшесі №23/4 | тұрғын үйге қызмет көрсету үшін | 132,0 |
Барлығы: | 2753,12 |
Сырдария ауданы әкімінің
міндетін атқарушы Б.Сәрменбаев