Өңірлік кадр резервіне іріктеу жұмыстарын түсіндірді
Бүгін Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы Рысбек Шайхиев жас мемлекеттік қызметшілерге өңірлік кадр резервінің іріктеу жұмыстары жүргізілетінін және оның талаптарын түсіндірді.
– Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту болып табылады. Өңірлік кадр резервіне жоғары білімді, жалпы жұмыс өтілі кез келген салада 3 жылдан кем емес, жасы 35-тен аспаған ҚР азаматтары қатыса алады. Бұл мемлекеттік қызметшілерге жақсы мүмкіндік, – деді Рысбек Болатұлы.
Іріктеу жұмыстары индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру және экология бағыттары бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады. Құжаттар dgs_test@mail.ru электрондық пошта арқылы немесе Сұлтан Бейбарыс көшесі №1 мекенжай бойынша қабылданады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі