Сырдария ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 ақпандағы №22 қаулысы
«Жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 қарашадағы №281 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына және «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 5 ақпандағы №05-1/55 ұсынысына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 2 қарашадағы №281 қаулысына мынадай өзгерісенгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 8 мамыр болып белгіленсін.».
2. «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты», «Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» және «Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сырдария ауданының әкімі Б.Сарменбаев