Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық-түлік бағасы қымбаттамау қажет

Азық-түлік бағасы қымбаттамау қажет

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі №63-НҚ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі №113 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі №23 бірлескен бұйрығына сәйкес 9 түрлі азық-түлік тауарларына шекті нормадағы бөлшек бағалары бекітілген болатын.
Бүгін аудан әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ мүшелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының сақталуын бақылау мақсатында бірқатар сауда орындарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындар көп тұтынатын бірінші сортты бидай ұны, нан, өлшеніп сатылатын рожки, қарақұмық жармасы және тазартылған күріш (домалық дәнді), сиыр еті (сүйекті жауырын төс бөлігі), тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы, ас тұзы сынды азық-түлік өнімдері бағаларын қымбаттатпау қажеттігін айтып, баға негізсіз көтерілген жағдайда кәсіпкердің өзіне ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес шара көрілетіндігі ескертілді.
21 сәуір 2020 ж. 1 015 0