Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті
Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырысты партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы ашып, жүргізді. Отырысқа комиссия мүшелері, депутаттық фракция мүшелері, сала басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы 2024 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы бойынша Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Тұрлыбекұлы Үсеновтың есебін тыңдау;
2. Іңкәрдария ауылдық округінің әкімінің сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуы бойынша ауылдық округ әкімі Есдәулетов Сәулет Шәкібекұлының есебін тыңдау
Күн тәртібі бірауыздан мақұлданған соң, хабарламашылар күн тәртібіне сәйкес баяндама жасап, комиссия мүшелері тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауап берді.
Отырыс соңында қаулы қабылданып, қорытындыланды.