Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Ж.Ембергенов, комиссия мүшелері, сала басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Отырысты комиссия төрағасы Жұмабек Әшімұлы ашып, жүргізді. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:
1. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасындағы Сырдария ауданы бойынша тармақтарының 2024 жылға жоспары туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ахетов Ерлан Дәуітбекұлының есебін тыңдау;
2. Сырдария ауданы бойынша денсаулық сақтау саласындағы қысқы жылу беру маусымының барысы туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Үсенов Жалғасбек Тұрлыбекұлының есебін тыңдау;
Күн тәртібі комиссия мүшелерімен бірауыздан бекітілген соң хабарламашыларға сөз кезегі берілді.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Ахетов баяндама жасап, жол картасының орындалу барысын атап өтті. Екінші мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері Ж.Үсенов сөз алып, денсаулық сақтау саласындағы жылу беру маусымының барысымен таныстырды. Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Отырыс қорытындысымен қаулы қабылданды.