Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасындағы 2024 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы бойынша Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бөлімі басшысының есебін тыңдау;
2. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Елеусіновтің есебін тыңдау;
3. Қалжан ахун ауылдық округінің әкімінің сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуы бойынша ауылдық округ әкімі Ғалымжан Акбаровтың есебін тыңдау;
Барлық хабарламашылар күн тәртібіне сәйкес баяндама жасап, комиссия мүшелері тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауап берді.
Отырыс соңында қаулы қабылданып, қорытындыланды.