Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Желшешек" ауруы қауіпті ме?

"Желшешек" ауруы қауіпті ме?

Желшешек – вирусты этиологиялы жедел инфекциялық ауру. Көбінесі балалар ауырады, бала бақшаға баратын немесе мектеп жасындағы балалар . Желшешек ауруы бала кезінде жеңіл түрде өтеді, емізулі балаларда, үлкендерде және иммунитеті төмен адамдарда өте ауыр түрде өтеді.

Аурудың көзі – ауру науқас болып саналады. Аурудың жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Аурудың таралуы ауа-сілекей жолы арқылы таралады, вирус сойлегенде, жөтелгенде және түшкіргенде көп мөлшерде шығады. Ауру қоршаған ортаға бөртпенің пайда болуына 2-3 күн бұрын және соңғы көпіршік пайда болғаннан кейін 5 күн қауіпті болып саналады. Осы науқасқа желшешекпен ауырмаған адамдарды қарым-қатынаста ұстауға болмайды, өйткені жұғу көзі жоғары. Сау бала науқас баламен қарым-қатынаста болған жағдайда, оларды 21 тәулікке карантинге немесе жеке ұстайды, егерде қарым-қатынас болған күнін нақты білген жағдайда, 11-ші тәуліктен бастап қатынас болған күннен 21-ші тәулікке дейін жекелендіреді.

Клиникалық белгілері:

Жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Бастапқы кезеңі көбінесе байқалмай өтеді. Желшешек алғашында баланың жалпы жағдайының өзгеру белгілерінен басталады: дене қызуы 38*С көтеріледі, тәбеті төмендейді, басы ауырып, ұйқысы бұзылады. Осы кезде баланың бетінде, шаштарының арасында, денесінде бөртпелер пайда болады. Бөртпелер бастапқыда макуло-папулезды 2-4 мм болса, тез арада (5-6 сағаттың ішінде) везикулаларға – іші мөлдір сұйықтыққа толы көпіршікті бөртпелерге айналады. Желшешек ауруында бөртпелер қабыршақтанып жатса, осы кезде кейбір бөртпелер жаңадан шығып жатады. Осыған байланысты аурудың жағдайының ауырлығын анықтайды.


Аурудың алдын алу: ауруды анықтағаннан бастап оқшауланады, бөлменің ауасын тазартып және ылғалды тазалық жүргіземіз. Егерде отбасында біреу ауырып қалған жағдайда, міндетті түрде дәрігер шақыру керек.


Гүлсім ТҮСМАҒАНБЕТОВА,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы

22 қараша 2023 ж. 250 0