Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Қызылша


Қызылша – ауа арқылы кеңінен таралатын жедел вирусты жұқпалы ауру. Оның белгілері: дене қызуының көтерілуі,  мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынуы, ауыз қуысындағы өзгерістер, теріде бөртпелердің  пайда болуы.
  Қызылша – қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады. Бұл 100% жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болғанда жұғады .
Ауру себептері
Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Вирустың таралуы сыртқы ортаның тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлары белгілі. Инфекция көзі - қызылша бөртпелері шығып ауырған адамның 2 - 4-ші күндері болып табылады.   Ал 5-ші күнгі бөртпелері бар адам жұқтырмайды деп саналады. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін.
Қызылшаның белгілері:  инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни  7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол салқын тию белгілерімен басталады:дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік,  тамаққа тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел,мұрынның бітуі.Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы мүмкін.  Шамамен бірінші белгілердің шыққанынан 21 күннен кейін беттің шырышты қабығындажәне ауыз қуысында ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады.  Қызылша кезінде кейіннен бір-біріне бірігетін қызғылт дақ түрінде бөртпелер шығады. 1-ші күні бөртпе құлақтың артына, бетіне және мойынға, кеуденің жоғарғы бөлігіне шығады. 2-ші  күні бөртпе денеге және қолдың жоғарғы бөлігіне шығады, 3-ші тәулікте бөртпелер аяққа, екі қол алақанына және табандарына шығады.Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40,5°С- қа қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады,олар 2 аптадан кейін кетіп,тері қайта таза болады.
Жоғарыда аталған белгілермен қоса 5 жасқа дейінгі  балалар мен  20жастан асқандарда ағзалардың қабынуы байқалуы мүмкін.Ең жиі кездесетін қбынулар:  ортаңғы құлақтың қабынуы(отит), бронхты  пневмония, мойын лимфа түйіндерінің қабынуы,ларингит.
Сіз не істей аласыз?
Қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек. Асқынбай тұрғандағы қызылшаның белгілерін емдеу үшін төсектік  режим, суды көп ішу,дене  қызуын түсіретін, тұмау және тамақ ауруын, қақырықты түсіретін препараттар мен витаминдерді қабылдау қажет.
  Қызылшаның асқынған түрін емдеу стационар жағдайында жүргізіледі.
Қызылшаның алдын алу
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады. Қызылшаға қарсы  егу арқылывирусты жасанды жолмен тоқтатады, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды. Кейбір балаларда егуден кейін 6 күннен 20күнге дейін дене қызуы көтеріліп, кейде конъюктивиттің және бөртпелердің пайда болуы мүмкін және ол қауіпті емес.Бұл белгілер 2-3 күнге дейін сақталады, содан кейін бәрі жақсы болады. Бірақ сонда да егуден кейін қандай да бір қабыну болса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Ең алғашқы вакцинацияны балаларға 12 айлығында, екіншісі 6 жаста жасалады. Егу 15 жасқа дейін өте сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өз денсаулықтарыңызды күтіңіздер!
23 ақпан 2019 ж. 2 375 0