Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтыру ауруынан сақтанайық

Құтыру ауруынан сақтанайық

Құтыру ауруы – құтырған жануарлардың адамдарға жарақат салғаннан туындайтын, орталық нерв жүйесінің зақымдануымен және өлім жағдайына әкеліп соқтыруымен сипатталатын жануарлар мен адамдардың табиғи ошақтық , аса қауіпті ауру болып табылады.

Бұл аталған құтыру ауруы мезгіл таңдамайдың, жылдың кез- келген уақытында тіркелуі мүмкін. Құтыру ауруының қоздырғыштары вирус, вирус қайнатқан кезде, ультракүлгін сәулелерінің, эфирдің, әсерінен өледі, алайда төменгі температурада және тоңазытылған кезде жақсы сақталады. Құтыру ауруы көптеген жағдайда (60-70) пайызы инфекцияның көзі иттер мен мысықтар болып табылады.

Құтыру ауруының табиғи ошақтары қасқырлар, түлкі, қарсақ, шибөрі және басқа да жануарлар болған жерде қолдау табады, олардан инфекция үй жануарларына және кезбе иттерге, мысықтарға жұғады.

Инфекцияның берілуі тістегеннен кейін жарақат сілекейлену, тырнау арқылы жүзеге асырылады. Құтыру ауруы жұққан жануарлар инкубациялық кезеңнің аяғында және ауру кезінде вирусты сілекей арқылы бөліп шығарады. Зақымдалған тері арқылы енгізілгеннен кейін құтыру вирусы нерв талшықтары арқылы таралады және бас, жұлын миына жетеді, онда көбейіп, жинақталады. Сілекей бездеріне жете отырып вирус сілекеймен сыртқы ортаға шығарылады. Ол нерв тіндерінде көбейген кезде ісіктер, қан құйылу, кері даму өзгерістер пайда болады.Инкубациялық кезеңнің (аурудың жасырын кезеңі) ұзақтылығы жарақат салған жерге байланысты 12 күннен 1 жылға дейін созылады. Ауру үш кезеңге бөлінеді: аурудың білінетін кезеңі, қозу кезеңі, сал кезеңі. Науқас адам тыныс алу ағзасының салдануынан және салдану белгілері білінгеннен кейін 12-20 сағат өткен соң жүрек қызметінің тоқталуынан қайтыс болады. Аурудың ұзақтығы 3-7 күн.

Құтыру ауруымен ауырған иттер алғашқы ауырған күндері иесінің шақыруына лажсыз дыбыс береді, қараңғы жерге тығылуға тырысады, тамақ ішпейді, кей уақытта долданып, кетіп бара жатқан адамдарға үрмей жарақат салады, жеуге болмайтын шүберектер, ағаштарды кеміреді.

Әрбір жануарлардан жарақат алғандар, жануарлардың сілекейі денесіне тиген адамдар дер кезінде медициналық көмекке жүгіну керек.

Жануарлар жарақат салған жағдайда, сілекейлену уақытында жараны сабынды жылы сумен көп мөлшерімен неғұрлым ертерек мұқият жуып, артынан дәрігерге қаралу қажет.

Құтыру ауруының алдын алу мақсатында қолданатын екпені уақытында ерте алса, соғұрлым нәтижелі болады. Құтыру ауруынан аман алып қалатын тек қана вакцина екенін ұмытпаңыздар, ешқашанда вакцина ектіруден бас тартпаңыздар.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
27 наурыз 2023 ж. 468 0