Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Құрылыс сапасы тұрақты бақылауда

Құрылыс сапасы тұрақты бақылауда

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентіндегі спорт клуб ғимаратында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар жүріп, құрылыс жұмыстарының сапасына мән берді.

— Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жаңа Жолдауында барлық жұмыс нақты сапамен өлшенетінін атап көрсетті. Халықтың тұрақты спортпен шұғылдануы үшін аймақ басшысының қолдауымен спорттық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан бұл жұмыстардың сапасы тұрақты бақылауда, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мердігер мекеме өкілімен сөйлесіп, жөндеу жұмыстарын сапалы және мерзімінде аяқтауды ескертті.

Ғимарат 1976 жылы салынған. Сол уақыттан бері ішінара жөндеу көрсе де қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмеген. Биыл облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылып, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда.
03 қыркүйек 2023 ж. 331 0